08.08.2020

Коронавируспен ауырған еркектер ертең бала туғыза алмауы мүмкін

COVID-19 ұрықтың белсенділігін 38%-ға азайтады.
Коронавируспен ауырып алған еркектер болашақта бала туғыза алмайтын боп қалуы мүмкін, деген мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды news.nash-biznes.kz. Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің бас гинеколог маманы Елена Уварованың сөзінше, COVID-19 еркектердің шәуетін (спермасын) 38%-ға азайтады. «COVID-19 індетіне байланысты әсіресе еркектердің бедеулігі мәселесі туындап отыр. Еркектерге жұққан коронавирус ұрық сапасын шамамен 38%-ға төмендетеді. Ал Ресей еркектерінің ұрығын онсыз да аса сапалы деуге келмейді», деді ол. Бұған дейін ғалымдар коронавируспен бір ауырып тұрған әйелдерді де денсаулығына сақ болуға шақырған болатын. Бұл вирус ACE2 ақуызы (вирус ағзаға сол арқылы кіреді) көптеп шоғырланатын несеп-жыныс жүйесі органдарына зақым келтіреді-мыс. ACE2 ақуызы әйел ағзасындағы аналық жасушаның жетілуіне (овуляция), қысқасы, бала көтеру мен эмбрионның дамуына аса қажетті зат. Больше новостей в Telegram-канале «news.nash-biznes.kz». Подписывайся!

Источник: https://www.zakon.kz/5030679-koronaviruspen-auyr-an-erkekter-erte.html

Поделиться ссылкой:





Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.